Қолма-қол ақшамен валюта
  Сатылым Сату
Жаңартылған
Қолма-қол ақшасыз валюта
  Сатылым Сату
Обновленно
Қарқын
Сатылым Сату
Обновленно
Валюталық калькулятор
ҚР ҰБ тарифтері
  Сату
Обновленно

Ресми валюта бағамы — ұлттық валютада көрсетілген шетелдік ақша бірлігінің бағасы. EUR, USD мен RUB ақша бірліктері ең жоғары сатылу қабілетіне ие.

Валюта бағамдары ақшаны саяхат үшін, шетелдік дүкендерден тауар сатып алу және сату үшін ауыстыруға қажет. Бұл ретте халықаралық валюталардың қатысуымен айырбастау операцияларын жеке тұлғалар ғана емес, әртүрлі компаниялар мен ұйымдар да жүргізеді.       

Ұлттық валюта бағасы неге байланысты болады 

Қазір теңгенің айырбастау бағамы ішкі және сыртқы экономикалық факторларды ескере отырып, нарық сұранысы мен ұсынысының ықпалымен құрылады. Қазақстанның Ұлттық банкі  бағамды белгілеуге араласпайды, бірақ, елдің қаржы жүйесіне қауіп төнген жағдайда оның күрт құбылуының алдын алуға қабілетті. Теңге бағамына ықпал ететін басты факторларға мыналар жатады:   

  • сыртқы: әлемдік мұнай бағасы, негізгі сауда әріптері болып табылатын елдердің, әсіресе Ресейдің валюта бағамдарының динамикасы, әлемдегі геосаяси жағдай, әлемдік пайыздық мөлшерлемелер;
  • ішкі: инфляция деңгейі мен әлемдік мөлшерлемелер, бюджет қаражатының меңгерілу қарқыны, экспорттаушы компаниялардың салықтық төлем кезеңдерінің туындауы.

Қандай бағам түрлері болады

Азаматтар өз ақшаларын айырбастау үшін қолданатын бағамдардың бірнеше негізгі түрі болады. Қазақстандағы тікелей валюта бағамы — ұлттық ақшалай баламада көрсетілген шетелдік валюта құны, ҚР-теңгеде көрсетіледі. Кері бағам деп теңгенің доллардағы, рубльдегі немесе евродағы құнын түсіну керек.   

Сондай-ақ мынадай бағамдар бар:

  • Ұлттық банк белгілейтін тіркелген бағам. Ол белгілі бір соманы немесе бағамның өзгеру шекарасын белгілейді (максималды және минималды);
  • Валюта нарықтарындағы сатып алу-сату процесінде қалыптасатын қалқымалы бағам;
  • Биржалардағы еркін сауда-саттық жағдайында қалыптасатын биржалық бағам. Бұл жағдайда бағаны нарық белгілейді. Дәл биржада қалған бағамдарды қалыптастыру негізі белгіленеді (валюта бағасын белгілеу).

Қарапайым тұтынушы үшін банк пен биржа арасындағы валюта бағамындағы айырмашылық іс жүзінде мардымсыз ғана. Ол Ұлттық банк пен коммерциялық банк бағамдары арасында 5 мың долларға дейінгі сомада да аз ғана байқалады.

Валюта айырбастау 

Айырбастау банк шотынан немесе картасынан аудару барысындағы валюта айырбастау болып табылады. Бұндай айырбастау операциялары шетелдік тауарларды немесе қызметтерді төлеу үшін қолданылады.    

Мысалы, шетелдік сайтта теңге жатқан карточкалық шот арқылы төлемақы жүргізіледі. Төлем барысында теңге ағымдағы бағам бойынша қажетті ақша бірлігіне айырбасталады және сатушының шотына аударылады.

Бұндай операциялық процестер картадан картаға ақша аударымы болған кезде қолданылады. Жіберуші валютаны рубльдік карточкаларға аударған кезде ақша сомасы автоматты түрде рубльге аударылады (ағымдағы бағам).

Бұл ретте валюта айырбастау бағамы бірнеше әдіспен белгіленеді:

  • Банк ұйымы ішінде бекітілетін айырбастау бағамы негізінде;
  • Ұлттық банктің ресми тіркелген бағамы бойынша;
  • Ұлттық банктің бағамы бойынша, бұл ретте шартпен белгіленген пайыздар қосылады.

Шетелден тауар сатып алған кезде ақша қаражаты сатушының шотына кешігіп келеді. Төлемдер Алушының банкімен есеп айырысқаннан кейін ғана өтеді.

Валютаны айырбастауды қайда жүргізу керек 

Жеке тұлғалар валютаны микроқаржы ұйымдары мен банк ұйымдары арқылы, сонымен қатар арнайы айырбастау орындары арқылы жүргізе алады. Біздің сайтымызда екі сомамен онлайн валюта айырбастау бағамы жазылған.    

Ең аз сома — бүгінгі валюта бағамы, ол бойынша банк шетелдік ақшаны сатып алады. Сату бағасы анағұрлым жоғары, өйткені валюталық операцияларды жасайтын кезде банк ақша табады. Бұл ретте ақша қаражатын қолма-қол ғана емес,  қолма-қол ақшасыз нысанда да алуға болады. 

Қолма-қол ақшасыз валютаны сатып ала отырып, болжам жасауға болады, динамиканы қадағалап отыруға болады. Бұл үшін қажетті кезеңді таңдап, барлығын графика арқылы көруге болады. Осылайша сіз валютаны анағұрлым тиімді айырбастай аласыз.     

Альфа-Банк Қазақстанның сайтында валюталық калькулятор бар, сол калькулятордың арқасында қайсы бір валюта сомасы автоматты түрде есептеледі. Бұл ретте айырбастау бағамдары қолма-қол, сондай-ақ қолма-қол емес валютада ұсынылған. Ақпарат күнделікті жаңартылып отырады, сондықтан валютаны ағымдағы бағам бойынша айырбастауға болады. Бұл ретте валютаны сатып алатын және сататын кездегі баға әртүрлі.