08.08.22

Eco Center Bank «ECO CENTER BANK» АҚ-ның VISA/Mastercard-қа несие желісін ұсыну жөніндегі қосылу шарты бойынша талап ету құқығын береді. Сондай-ақ, Сіз бен Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) арасында жасалған «ECO CENTER BANK» АҚ-ның VISA/Mastercard-қа жаңартылатын кредит беру лимиті нысанында берілетін банктік қарыз шартының жалпы талаптарынан туындайтын құқықтар берілетін болады. Талаптар өзгермейді. Сондай-ақ, Сіз бұрын берген барлық деректер өңделеді. Талап ету құқықтарының ауысқаны туралы Сізге ЦентрКредит Банктен қосымша хабарлама жіберілетін болады. Егер Сізде сұрақтар туындаса, 2051 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сіздің Eco Center Bank.

Сұрақ-жауап:

1. Сұрақ: Қандай негізде менің несие картасы/бөліп төлеу картасы бойынша шартым үшінші тұлғаға берілуге жатады?

Жауап: «ECO CENTER BANK» АҚ-ның VISA/Mastercard халықаралық төлем карточкасына кредит желісін ұсыну (ашу) жөніндегі қосылу шартының және Сіз бен Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) арасында жасалған «ECO CENTER BANK» АҚ-ның VISA/Mastercard-қа жаңартылатын кредит беру лимиті нысанында берілетін банктік қарыз шартының (қосылу шартының талаптарымен) жалпы (үлгілік) талаптарының негізінде (бұдан әрі – Шарт) Банк талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға беруді (Сіздің кредитіңізді беруді) жүзеге асыруға құқылы.

2. Сұрақ: Менің несие картам/бөліп төлеу картам бойынша шарт кімге беріледі?

Жауап: Сіздің несие картаңыз/бөліп төлеу картаңыз бойынша шарт ЦентрКредит Банкке беріледі.

3. Сұрақ: Шарт бойынша талаптар өзгере ме (мерзім, мөлшерлеме және басқалар)?

Жауап: Жоқ, Сіздің несие картаңыз/бөліп төлеу картаңыз бойынша шарттың барлық талаптары өзгеріссіз қалады.

4. Сұрақ: Менің шартымның жаңа несие берушіге берілгенін қалай білуге болады?

Жауап: Сіз ЦентрКредит Банктен СМС ақпарат аласыз. Осы СМС-ті алғаннан кейін Сіз кредиттік картаңыз бойынша ақпарат алу үшін ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасын (iOS және Android үшін сілтеме) жүктеп алыңыз.

5. Сұрақ: ЦентрКредит Банкке берілген несие картасы/бөліп төлеу картасы бойынша төлемді қалай өтеуге болады?

Жауап: Сіздің несие картаңызды/бөліп төлеу картаңызды ЦентрКредит Банкке бергеннен кейін, Сіз ЦентрКредит Банкке ай сайынғы төлемді келесі өтеу арналары бойынша төлеуіңіз керек:

- ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасы (iOS пен Android үшін сілтеме);

- ЦентрКредит Банктің Кассалары;

- ЦентрКредит Банктің банкоматтары мен төлем терминалдары (карта);

- «Касса24», Qiwi және Yurta терминалдары;

- Қазпошта бөлімшелері;

- ЦентрКредит Банктің сайтындағы картадан картаға шұғыл ақша аудару: https://3dsecure.bcc.kz:5443/p2p-ru.html.

Төлем үшін не қажет: Қарыз алушының ЖСН, Шарт нөмірі, ЦентрКредит Банкте ашылған ағымдағы шоттың нөмірі (терминал арқылы төлеген кезде берешекті өтеуді терминал экранындағы менюден таңдау қажет).

Ағымдағы шоттың нөмірін ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасынан ала аласыз.

6. Сұрақ: Ай сайынғы төлем сомасын қалай білуге болады?

Жауап: Талап ету құқықтары басқаға берілгеннен кейін Сізге ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасын жүктеу (iOS пен Android үшін сілтеме) және тез тіркеуден өту қажет. Қосымшадан Сіз несие картаңыз/бөліп төлеу картаңыз туралы ақпарат ала аласыз және басқа банктік қызметтерді онлайн режимінде пайдалана аласыз. Сондай-ақ, төлемнің қойылғаны туралы смс және төлем туралы ескерту аласыз.

7. Сұрақ: Мен Eco Center Bank-ке (бұрынғы Альфа-Банк) ай сайынғы төлемді өтеу/берешекті ішінара немесе толық өтеу үшін ақша салдым, ол ақшамен не болады?

Жауап: ай сайынғы төлемді/берешекті өтеу ақша картаға енгізілген күні Eco Center Bank-те жүзеге асырылады. Егер Eco Center Bank кредит картасының/бөліп төлеу картасының шотында (бұрынғы Альфа-Банк) Сіздің жеке ақшаңыз (кредит лимитінің сомасынан артық) қалатын болса, онда ақша қалдығы да ЦентрКредит Банктегі кредит картасының/бөліп төлеу картасының шотына аударылатын болады.

Сіздің несие картаңызды / бөліп төлеу картаңызды ЦентрКредит Банкке бергеннен кейін, келесі барлық ай сайынғы төлемдерді Сіз ЦентрКредит Банктің келесі өтеу арналары арқылы төлеуіңіз қажет:

- ЦентрКредит Банктнің мобильді қосымшасы (iOS пен Android үшін сілтеме);

- ЦентрКредит Банктің кассалары;

- ЦентрКредит Банктің банкоматтары мен төлем терминалдары (карта);

- «Касса24», Qiwi және Yurta терминалдары;

- Қазпошта бөлімшелері;

- ЦентрКредит Банктің сайтындағы картадан картаға шұғыл ақша аудару: https://3dsecure.bcc.kz:5443/p2p-ru.html

Төлем үшін не қажет: қарыз алушының ЖСН, Банктік қарыз шартының № / ЦентрКредит Банкте ашылған ағымдағы шоттың №

8. Сұрақ: Менің қолымда Альфа-Банктің картасы бар, ол әрі қарай жұмыс істей ме?

Жауап: Сіздің несие картаңыз бойынша шарт ЦентрКредит Банкке берілген соң, Сізге ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасында қолжетімді болатын виртуалды карта ашылады. Қолданыстағы карта бойынша жұмыстарды қалпына келтіру жөнінде Сізге СМС-хабарлама арқылы хабарланады

9. Сұрақ: ЦентрКредит Банкте менің шотым және Банктің қосымшасы бар, мен онда өзімнің Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) несие картамды көре аламын ба?

Жауап: Иә, Сіздің шартыңыз берілгеннен кейін Сіз несие картаңыздағы барлық ақпаратты көресіз.

10. Сұрақ: Жақында Альфа-Банкпен жасалған шарт бойынша төлем уақыты келеді, мен оны қалай төлеуім керек?

Жауап: Сіздің несие картаңыз / бөліп төлеу картаңыз ЦентрКредит Банкке қайта берілетін сәтке дейін Сізге төлемді Eco Center Bank-те (бұрынғы Альфа-Банк) өтеу қажет. Өтеудің қолжетімді тәсілдері:

https://ecocenterbank.kz/persons/credits/repayment/