30.06.22

Сіздерді Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) пен Сіздің араңызда жасалған Банктік қарыз шарты бойынша талап ету құқықтарының талаптары өзгертілмей, алдағы уақытта басқаға берілетіні туралы, сондай-ақ алдағы уақытта басқаға берілуіне байланысты Сіздің дербес деректеріңіздің өңделетіні туралы хабардар етеміз. Сізге талап ету құқықтарының ауысқаны туралы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан қосымша хабарлама жіберілетін болады.

Сұрақтарыңыз болса, 2051 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Сіздің Eco Center Bank

Сұрақ-жауап:

1. Сұрақ: Қандай негізде менің несием үшінші тұлғаға берілуге жатады?

Жауап: Сіз бен Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) арасында жасалған Қарыз шартының негізінде. Банк талап ету құқықтарын үшінші тұлғаларға табыстауға (сіздің несиеңізді беруге) құқылы.

2. Сұрақ: Менің несием кімге беріледі?

Жауап: Сіздің несиеңіз ЦентрКредит Банкке қайта табысталады.

3. Сұрақ: Шарт бойынша талаптар өзгере ме (мерзім, мөлшерлеме және басқалар)?

Жауап: Жоқ, Сіздің Қарыз шартыңыз бойынша барлық талаптар өзгеріссіз қалады.

4. Сұрақ: Менің несиемнің жаңа несие берушіге берілгенін қалай білуге болады?

Жауап: Сіз ЦентрКредит Банктен СМС ақпарат аласыз. Несие бойынша ақпарат алу үшін ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасын (iOS және Android үшін сілтеме) жүктеп алыңыз.

5. Сұрақ: ЦентрКредит Банкке берілген несиені қалай төлеуге болады?

Жауап: Несие табысталғаннан кейін Сізге ай сайынғы төлемді ЦентрКредит Банкке келесі өтеу арналары арқылы төлеу қажет:

- ЦентрКредит Банктің кассалары;

- ЦентрКредит Банктің банкоматтары мен төлем терминалдары (карта);

- «Касса24», Qiwi және Yurta терминалдары;

- ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасы (iOS және Android үшін сілтеме);

- Қазпошта бөлімшелері;

- ЦентрКредит Банктің сайтындағы картадан картаға шұғыл ақша аудару: https://3dsecure.bcc.kz:5443/p2p-ru.html.

Төлем үшін не қажет:

Қарыз алушының ЖСН;

Банктік қарыз шартының № / ЦентрКредит Банкте ашылған ағымдағы шоттың №

(Терминал экранының мәзірінен берешекті өтеуді таңдау қажет)

6. Сұрақ: Ай сайынғы төлемнің сомасы мен күнін қалай білуге болады?

Жауап: Талап ету құқықтарын басқаға табыстағаннан кейін Сізге ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасын жүктеу (iOS және Android үшін сілтеме) және тез тіркеуден өту қажет. Қосымшадан Сіз несие туралы ақпарат ала аласыз және басқа банктік қызметтерді онлайн режимінде пайдалана аласыз.

7. Сұрақ: Мен Eco Center Bank-ке (бұрынғы Альфа-Банк) ай сайынғы төлемді өтеу үшін ақша енгіздім, ол ақшамен не болады?

Жауап: Сіздің қарыз шартыңызды қайта табыстау шеңберінде, алдағы ай сайынғы төлем сомасы Сіздің ЦентрКредит Банктегі ағымдағы шотыңызға жіберіледі. Егер Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) ағымдағы шотында ай сайынғы төлем сомасынан артық ақша қалатын болса, мысалы, келесі төлемдерді өтеу үшін, онда ақша қалдығын Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) мобильді қосымшасы немесе бөлімшесі арқылы өзіңіз аударуыңыз қажет болады.

Несие ЦентрКредит Банкке табысталғаннан кейін, келесі барлық ай сайынғы төлемдерді ЦентрКредит Банктің келесі өтеу арналары арқылы төлеуіңіз қажет:

- ЦентрКредит Банктің кассалары;

- ЦентрКредит Банктің банкоматтары мен төлем терминалдары (карта);

- «Касса24», Qiwi және Yurta терминалдары;

- ЦентрКредит Банктің мобильді қосымшасы (iOS және Android үшін сілтеме);

- Қазпошта бөлімшелері;

- ЦентрКредит Банктің сайтындағы картадан картаға шұғыл ақша аудару: https://3dsecure.bcc.kz:5443/p2p-ru.html.

Төлем үшін не қажет:

Қарыз алушының ЖСН;

Банктік қарыз шартының № / ЦентрКредит Банкте ашылған ағымдағы шоттың №

8. Сұрақ: Мен Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) мобильді қосымшасына кіре алмай отырмын, не істеуім керек?

Жауап: Жаңартылған мобильді қосымшаны мына сілтеме бойынша жүктеп алыңыз: https://ecocenterbank.kz/mobile-app/

9. Сұрақ: ЦентрКредит Банкте менің шотым және Банктің қосымшасы бар, одан мен өзімнің Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк) несиемді көре аламын ба?

Жауап: Иә, Сіздің шартыңыз қайта табысталғаннан кейін Сіз несиеңіз туралы барлық ақпаратты көре аласыз.

10. Сұрақ: жақында Альфа-Банкпен жасалған Шарт бойынша төлем уақыты келеді, мен оны қалай төлеймін?

Жауап: Сіздің қарыз шартыңыз ЦентрКредит Банкіне қайта табысталатын сәтке дейін Сізге төлемді Eco Center Bank-те (бұрынғы Альфа-Банк) өтеу қажет. Өтеудің қолжетімді тәсілдері: https://ecocenterbank.kz/persons/credits/repayment/.