27.06.22

Құрметті салымшылар!

Осы арқылы,

"ЕСО CENTER BANK" АК ("БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АК ЕНШlЛЕС БАНКl) Ұлттық Банкі ҚР Үкіметімен бірлесіп іске асыратын бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақыны (сыйлықақыны) есептеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) қатысатындығын хабарлаймыз.

10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) бір салымшыға бір рет - 2022 жылғы 23 ақпандағы күннің соңында депозиттерде тіркелген қалдықтар шегіндегі жалпы сомадағы барлық теңгелік депозиттерге есептеледі, бірақ 20 000 000 теңгеден аспайды. Өтемақыға жеке табыс салығы салынбайды.

Өтемақыны (сыйлықақыны) есептеу Бағдарламаны іске асыру басталған сәттен бастап 12 айдан кейін жүзеге асырылады.

Банктегі салымды оның мерзімінің соңына дейін, бірақ Бағдарламаны іске асыру басталған сәттен бастап кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 23 ақпанға дейін сақтау - сыйақы алудың міндетті шарты болып табылады. Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейін аяқталса, депозит Бағдарлама аяқталғанға дейін ұзартылуы тиіс. Салымды ішінара қайтарып алу кезінде өтемақы (сыйлықақы) төлеу лимиттерді ескере отырып, бір жыл ішінде депозитке бекітілген ең төменгі сома бойынша жүзеге асырылады.

Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.

Жақын арада бағдарламаға және оның механизміне қатысты ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банкінің тиісті актілері бекітілетін болады, бұл туралы біз сізге қосымша хабарлайтын боламыз.

Сонымен қатар қосымша хабарлаймыз,

салымдардың теңгелік салымдарды қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысуы мақсатында - "Надежный" және "Прогресс" теңгедегі салымдары салым мерзімі ұзартылған күні банкте қолданылатын мөлшерлеме бойынша дәл сондай мерзімге автоматты түрде ұзартылатын болады.


Жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар