21.06.22

Құрметті клиент!

Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк Қазақстан) клиенттерінің ЦентрКредит Банкіне көшуіне байланысты маңызды ақпаратты хабарлаймыз:

1. Егер сіз ЦентрКредит Банкінің клиенті болсаңыз және осы банкте шотыңыз ашылған болса, онда Eco Center Bank-інде (бұрынғы Альфа-Банк Қазақстан) қалған ақша ЦентрКредит Банкіндегі шотыңызға аударылады. Ақшаны есептегеннен кейін сізге ЦентрКредит Банкінен операцияның жүгезе асқаны жайлы және ақша осы банк шотында екені туралы SMS-хабарлама келеді.

2. Егер сізде ЦентрКредит Банкінде шотыңыз болмаса, онда ақша қаражатын көшіру және қалдықтарды аудару процесін жеделдету үшін ЦентрКредит Банкінде шот ашу қажет. Мұны Eco Center Bank (бұрынғы Альфа-Банк Қазақстан) және Банк ЦентрКредит филиалдарында жасауға болады.