06.05.22

"Банк ЦентрКредит" АҚ "Альфа-Банк" ЕБ АҚ Қазақстанның жай акцияларының 100% сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталғаны туралы хабарлайды. Қайта тіркеуден кейін Банк толық атауы "ECO BANK" ЕБ АҚ деп аталатын ECO BANK жаңа брендімен жұмыс істейтін болады.

Бұл ретте, банк өнімдері бойынша барлық талаптар қолданыстағы клиенттер үшін өзгеріссіз қалады және SDN тізімінен шығару рәсімі аяқталғаннан кейін клиенттерге Банк қызметтерінің барлық түрлерін қолдануға болады.

Ыңғайлы болу үшін BCC.KZ веб-сайтында сұрақ-жауап форматында ақпараттық жадынама орналастырылды. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жеке тұлғалар үшін 505 және заңды тұлғалар үшін 605 нөміріне хабарласу керек.

Альфа-Банкті сатып алу жөніндегі мәміледе ЦентрКредит Банк меншікті қаражатын пайдаланды. Қазіргі уақытта Банктің ребриндингі бойынша жұмыстар басталып кетті, Банк толықтай қазақстандық болады. Нарықта 33 жылдан астап жұмыс істеп келе жатқан ЦентрКредит Банкі де қазақстандық банк болып табылады.

«Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарма Төрағасы Галим Хусаинов: «Санкцияға ұшыраған банкті сатып алу Қазақстанда алғаш рет болып отыр, осының бәрі қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Сәтті аяқталған мәміле үшін осыған қатысы бар адамдардың бәріне алғыс білдіргім келеді. Қазіргі таңда біз үшін басты міндет - қолданыстағы клиенттерден келіп түсетін мәселелерді шешу. Біз сондай-ақ командаға назар аударып, жаңа банктің бизнес-процестеріне қызметкерлерді тартуды арттыруымыз керек. Осының барлығы болашақта бізге позицияларымызды нығайтуға және клиенттерімізбен ұзақ мерзімді және серіктестік қатынастар құра отырып, жаңа ыңғайлы әрі қарапайым банк өнімдерін іске қосуға көмектеседі» - деді.

"Банк ЦентрКредит" АҚ 1988 жылы құрылған және заманауи технологияларды пайдалана отырып ыңғайлы банк өнімдерін ұсынатын, әмбебап бизнес-моделі бар Қазақстанның ең алғашқы әрі ірі банктерінің бірі болып табылады. Банктің ауқымды филиалдық желісі бар және Қазақстанның барлық өңіріндегі 130-дан астам бөлімшелерде заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.