15.04.22

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған ақпарат пен фейктер тарауда. Альфа-Банк Қазақстан биыл 6 мамырға дейін және кейін Қазақстан ішінде теңгемен операцияларды жүзеге асыруын жалғастырады.

Көрсетілген операцияларға санкциялық шектеулер қолданылмайды, сондықтан банк өзінің клиенттерімен бұрынғы режимде теңгемен жұмысты жасайды.

Несиелері бар жеке және заңды тұлғалар шарттарындағы талаптарына және міндеттемелеріне қатысты барлығын өтей алады және өтеуге тиіс. Егер клиент несиені Альфа-Банктен алған болса, төлем шарты Альфа-Банкің алдында сақталады, басқа банктерге тарамайды.

Альфа-Банкте несиені, бөліп төлеуді, Alfa Black-ті өтеу тәсілдері

Тегін:

- Альфа-Банктің кассаларында, терминалдары мен банкоматтарында

- Егер аударым Альфа шоттарынан немесе карталарынан болса «Альфа-Банк Қазақстан» мобильді қолданбасы арқылы

- ЦентрКредит Банкінің кассаларында, терминалдары, банкоматтарында және банктің мобильді қолданбасы арқылы

- Қазпошта кассаларында, терминалдары мен сайтында

- Qiwi, «Касса24» және CYBERPLAT* терминалдарында

*CYBERPLAT терминалдарында Alfa Black бойынша комиссиямен

Ақылы:

- Басқа банктегі шоттан шотқа аудару арқылы (деректемелер бойынша)*

- Halyk Bank (Alfa Black-тен басқа) терминалдарында

- «Касса24» сайтында

*жіберуші Банктің тарифтеріне сәйкес комиссия ұсталады

Заңды тұлғалар банк бөлімшелеріндегі есеп айырысу шоты арқылы ЕДБ, Альфа, QIWI, «Касса24» терминалдары арқылы арнайы тариф жоспары бойынша несиені өтей алады.

Банктің ресми ақпаратына ғана сенім білдіруді сұраймыз:

Сайт: alfabank.kz;

Әлеуметтік желілер: @alfabankkz, @alfabusiness.kz

Барлық сұрақтар бойынша банктің баспасөз қызметіне хабарласуыңызға болады: AAman2@alfabank.kz, NYelatayeva2@alfabank.kz