11.04.22

«Альфа-Банк» ЕБ АҚ АҚШ-тың OFAC санкциялық тізіміне енгізілгеннен кейін банк бірқатар уақытша шектеулер енгізуге мәжбүр болды.

Біз қабылданған шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қолжетімділігіне әсер етпейтініне кепілдік береміз. Банктің сапалы активтері мен меншікті капиталының жеткілікті қоры бар және біз өзіміздің барлық міндеттемелеріміз бойынша толық көлемде жауап береміз. Бұдан басқа банк депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады, бұл азаматтар қаражатының сақталуына кепілдік береді.

Менеджмент және банк ұжымы клиенттерге қызмет көрсетуді үйреншікті режимге тезірек қайтару үшін барлық күш-жігерін жұмсауды. Осылайша, Ұлттық Банктің қолдауымен біз теңгемен қажетті қолма-қол ақшаны нығайтуды және Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) арқылы ұлттық валютамен кіріс және шығыс аударымдарға үздіксіз қолжеткізу кепілдігін аламыз.

Сондай-ақ, салымшылардың тапсырмаларын орындау мен қажетті ақшалай өтімділікті алу үшін барлық шараларды қабылдаудамыз. Жағдай оңалғаннан соң қолма-қол ақша алуға және ақша аударуға арналған уақытша лимиттер жойылады.

Банк жағдайды мониторингтеу мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Ұлттық банкпен тұрақты байланыста.